Ауыл әйелдерінің форумы өтті

Облыс әкімдігінің, «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалиция­сы», «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» заңды тұлғалар бір­лестіктері мен «Coca-Cola» халықаралық қорының ұйым­дас­тыруымен Қостанай облысының ауыл әйелдері форумы өтті. Сонымен қатар атал­ған форум Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президенті жанын­дағы Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық сая­сат жөніндегі ұлттық ко­мис­сия­сының қолдауымен ұйым­дастырылды.
DSC_2251
Тобыл төрінде өткен форумға өңір­дің аудан-қалаларынан нәзік жандар қа­тысты. Әуелі ұйымдастырушылар бас­пасөз брифингін өткізді. Оған Қостанай қа­ласына арнайы келген «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы, Қазақстан Президенті жа­нындағы Жасыл экономикаға өту кеңесінің мүшесі Салтанат Рақымбекова қатысып, жур­налис­тердің сұрақтарына жауап берді. Жиналғандар форумның мақсаты – ауылды жерлерде көп­шілікке үлгі болатын әйелдерді ха­лық­қа таныс­тыру, сонымен қатар ауыл әйелдерін бизнеске баулу екенін айтты.
DSC_2177
Ауыл әйелдерін қолдау мақса­тында ұйымдастырылған форумды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Спанов сөз сөйлеп ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар облыс әкімінің орын­басары ауылды өркендету мем­лекетті дамытудың негізгі шарт­тарының бірі екенін, бұл ретте облыс әкім­дігі тарапынан ауылды жерлерде тұратын көп балалы отбасыларға және іс­кер әйелдерге тиісті қолдаулар көр­сетіліп жатқанын жеткізді.
Бұдан кейін сөз алған «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова  елімізде болып жатқан жаңа­шылдықтарды ауылды жерлерге жеткізу маңызды екенін, ауыл әйел­дері үшін кәсіппен айналысуға мүм­кіндік жасау керектігін айтты:
DSC_2205
-2015-2019 жылдары Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарында жасыл технологиялар орталықтары құрылды. Барлық орталықтар Коалиция қамқорлығымен республикалық желіге біріктірілді. Қостанай облысының жасыл технологиялар орталығы Қостанай ауданының Мичурин ауылдық округінде орналасқан «Золотой фазан» қонақ үйінің базасында құрылды. Біз еліміздің ең алыс, шалғайдағы жерлерінен жүздеген әйелдерді кездесуге шақырдық. Біз қиындықтарды еңсеріп, өз біліктілігімізді арттыра отырып, ауылда өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылатын қарапайым адамдардың жеткен жетістіктері туралы .асихаттап, тұсаукесерін ұйымдастырдық. Форумның негізгі мақсаты – ауыл әйелдерінің жетістіктерін тану және ауылдағы өмір сүру сапасын арттыру және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту мәселелерін талқылау, соның ішінде жасыл экономика мен ТДМ-2030 принциптерін енгізу. Форумда10 номинация бойынша 150 әйелге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етілді, ауылдан келген 10 әйел «Coca-Cola белестері» жобасы аясында 4 мың АҚШ доллары көлеміндегі грантқа ие болды. Ауыл әйелдері жетістіктерінің керемет галереясын жасадық, ол туралы www.greenkaz.org және www.expoandwomen.com сайттарында ақпараттар орналастырылған, – деді ол .
DSC_2225
Бұдан кейін форум пленарлық оты­рысқа ұласты. Онда Қостанай облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының төрайымы Римма Бектұрғанова «Қостанай әйелдерінің ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесі» туралы баяндама жасаса, «ЖетіқараАстыкТрейд» ЖШС директоры Гүлсара Жаманқұлова өңірдегі кәсіпкер әйелдерге көрсетіліп отырған қолдаулар жөнінде әңгімеледі.
Өңірде тұңғыш рет өтіп отырған ауыл әйелдері фо­ру­мының ерекшелігі «Менің жетіс­тігімнің тарихы» шеруінің ұйымдас­тырылуы болды. Шеруді «Менің жетістігімнің тарихы – 2018 жыл» номинациясының лауреаты,  «ЖетіқараАстыкТрейд» ЖШС директоры Гүлсара Жаманқұлова сөз ашты. Бұдан кейін Таран ауданы «Сарыбай» АҚ негізін қалаушы және құрылтайшысы С.Михайличенко, Сарыкөл ауданы «Веселый Подол» ОФ төрайымы, Қостанай ауданы «Besta» ЖШС директоры Г.Шнайдер және өзге де іскер әйелдер сөз алып, жетістіктерімен бөлісті. Форум аясында өңірдегі кәсіпкер әйел­дер тауарларының көрмесі ұйымдас­ты­рылды.
DSC_2236
Өз кезегінде «Coca-Cola» белестері – жетістік аумағы»  шебер­лік-сабағы өтті. Практикалық сессия ба­рысында «Жасыл экономика және G-Global-ды дамы­­ту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов жұ­мыс­сыз және өзін өзі жұмыспен қам­тыған әйелдерді қол­дау жөніндегі әлеуметтік жобаны іске асыру туралы айтса, «Қазақстан әйел­дерінің аграрлық одағы» ЗТБ атқарушы директоры Ләззат Асқарова «Тұрақты дамудың жаһандық мақсаттарына қолжеткізу үшін қарапайым іс-қимылдар» тренингін өткізді. Бұдан кейін фер­мерлердің қатысуымен ауыл шаруа­шы­лығымен айналысатындарды кредиттеу туралы семинар өтті.
Форум үстіміздегі жылы 7-8 қара­ша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің екін­ші форумына делегаттарды сай­­лау­мен қорытындыланды.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓