«Сергек» мобильді қосымшалары қалай жұмыс істейді?

Пандемияға қарсы іс-қимыл бойынша қалалардағы жедел штабтардың жұмысын автоматтандыру және оңтайландыру үшін «Көркем Телеком» компаниясының мамандары полиция қызметкерлерінің планшеттеріне «Сергек.Блок-бекет.Карантин» және «Сергек.Патруль» арнайы мобильді қосымшаларын әзірледі.
5a74e34b-b6a7-4478-ad3e-2f22025ffc47
Қалалардағы жедел штабтағылар полиция қызметкерлері пайдалану үшін барлық қалалар және блок-бекеттер бойынша өтуге рұқсат етілген адамдар мен көліктер тізімін қалыптастырады және жүктейді. «Сергек.Блок-бекет» қосымшасы карантин енгізілмеген қалалар мен облыстардағы блок-бекеттерден өтетін адамдар мен көліктерді жедел әрі байланысқа түспей тіркеуге мүмкіндік береді. Осы арқылы мемлекеттік органдар көші-қон легін бақылап, қажет болған жағдайда коронавирусты жұқтырғандармен байланысқа түскендерді іздеуде базадағы ақпараттарды пайдалана алады. «Сергек.Карантин» қосымшасы жедел штаб қалыптастыратын «ақтізім» бойынша карантин енгізілген және кіру/шығу шектелген қалалардағы блок-бекет арқылы өтуге рұқсат етілген адамдар мен автокөліктерді автоматты түрде анықтайды. «Сергек.Патруль» қосымшасы адамдар мен автокөліктердін қозғалысын тіркеу арқылы шектеулі қозғалыс режимін бұзатын адамдарды анықтауға көмектеседі. Планшеттердегі барлық ақпарат бірыңғай республикалық серверге түседі. Сол арқылы аймақтардағы жекелеген блок-бекеттердегі, сонымен қатар республика бойынша статистика шығарылады. Бұл есептер барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың жедел штаб басшыларына қолжетімді.  
6f247f87-2cb3-4efa-ad79-85705d725ced
Компания сарапшылары «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істеп тұрған қалаларда жол трафигін мониторингілеу арқылы тұрғындардың өз-өзін оқшаулау индексін есептейді. Компания мамандары ауылшаруашылық жұмыстарына және тұрғындардын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмылдырылатын көліктер тізімін интеграциялау бойынша уәкілетті органдар мен бірлескен жұмысқа басымдық береді.
 
 
 
«Көркем Телеком»
ЖШС баспасөз қызметі.

 

 

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓