COVID-19 Денисовте тіркелді

денисов
Қостанай облысының Денисов ауданында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 жағдайы анықталды. Бұл туралы өңірлік жедел штаб хабарлайды.
«Жітіқара қаласының тұрғыны 39 жастағы әйел мен оның төрт айлық қызы Жітіқара аудандық ауруханасының карантинге жабылуына байланысты Денисов аудандық ауруханасына жатқызылған болатын. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша анасы мен баласында COVID-19 диагнозы расталды. 21 сәуірде облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқас ана мен оның баласын облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөліміне жеткізді Бекітілген хаттамаға сәйкес қажетті ем алып жатыр. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының пәрменімен Жітіқара қаласынан Денисов және Қамысты аудандық орталық ауруханаларына, сондай-ақ Лисаковск қалалық ауруханасына науқастарды жіберу үшін медициналық шаралар белгіленді.
Айта кетейік, 21 сәуір күнгі жағдай бойынша Қостанай облысында СOVID-19 инфекциясы 27 адамға жұққан. Бұған дейін 1 науқастың жазылып шыққаны хабарланған болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓