Балық аулауға тыйым салынады

Көктем келуімен Қостанай өңірінің су айдындарын мекендейтін балықтарда уылдырық шашып көбею кезеңі басталды. Сондықтан балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау және өсімін молайту мақсатында олардың мекендеу ортасы ареалдарының  географиялық, климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып төменде көрсетілген орындар мен мерзімдерде тыйымдар енгізіледі:
1552543040_1
1) Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Амангелдi, Жангелдi аудандарының су айдындарында:
шортан – 20 наурыз бен 20 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта аулауға;
2) Қостанай облысының басқа аудандары мен қалаларының су айдындарында:
мөңке – 20 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
шортан, аққайран – 10 сәуірден 10 мамырды қоса алғандағы аралықта;
сазан (тұқы), табан, оңғақ, көксерке – 20 мамырдан 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
ақсаха балық түрлері – 20 қазаннан 30 қарашаны қоса алғандағы аралықта;
нәлім – 1 желтоқсаннан 31 қаңтарды қоса алғандағы аралықта;
шаян – 15 қазан мен 30 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 15 сәуірден 1 шілдені қоса алғандағы аралықта:
Сағадан (Демалыс үйі мүйісі) Котюбок шығанағының жоғарғы жағына дейінгі Жоғарғы-Тобыл су қоймасында;
Халвай кентінен Аят бұлағының бөгетiне (Тобыл қолтығы) дейiнгі аралықта және автожол көпірінен (Рудный қаласы – Тобыл станциясы тас жолы) Майский ауылына (Аят қолтығы) дейiнгі Қаратомар су қоймасында балық аулауға тыйым салынады.
 
 
Маржангүл Дандубаева,
 Облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық
инспекциясының бас маманы. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓