Жолсызбен жүремін деп…
19 сәуір күні сағат 04:01-де «112» пультіне Әулиекөл ауданы Қосағал ауылынан 20 шақырым дала жолында Mitsubishi Lancer жеңіл автокөлігі тұрып қалғаны туралы хабар келіп түсті. Көлік жүргізушісі маршрутты қысқарту үшін дала жолымен жүрмек болған. Көмекке алғашқы болып Әулиекөл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері жетті. Батпаққа батқан көлікті шығару үшін ауыр техника қажет болды. Көлік салонында төрт жолаушы.
Құтқарушылар Қосағал ауылының жергілікті атқарушы органдарына хабарласты. Оларға көмекке МТЗ-80 тракторы жіберілді. Сағат 09.00-де машинаны сүйреп, тасжолға дейін жеткізіп салды.
«Құтқару жұмыстары сәтті өтті. Зардап шеккендер жоқ», – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.