Ер адамның мүрдесі табылды
Қостанай облысының полицейлері денесі Таран ауданынан табылған белгісіз ер адамның туыстарын іздеп жатыр, деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«21 тамызда Таран ауданы Юбилейное ауылынан 6 шақырым қашықтықта орманнан белгісіз ер адамның денесі табылды. Полицейлер зардап шегушінің заттарының арасынан сурет тапты», – деп хабарлады полицейлер.
Осыған байланысты ІІД осы ер адам туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден полицияға «102» хабарласуын сұрайды.