«100 нақты қадам» – ел дамуының негізі

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметшілері  Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге  асырылуы бойынша қаржылық бақылау инспекциясында семинар-кеңес өткізді.
Семинар шеңберінде департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы Әсет Досекенов сөз сөйлеп, жиналғандарға мемлекет Басшысының бес институционалды реформасын жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарымен таныстырды. Осы бағдарламаның бірі тармағы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» деп аталады. Президентіміз мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту, әрбір мемлекеттік қызметші төменгі қызметтерден бастауы,  сол секілді мемлекеттік қызметке жаңа келген мамандар  қызмет табалдырығы бойынша көтерілмес бұрын, оның барлық жоғары тұрған қадамдарынан өтуі тиіс екендігін нақты көрсетті.финкон4
-Ұлттық жоспарды жүзеге асыру қажырлы еңбекті қажет етеді, сондықтан да оны орындау, жүзеге асыру үшін барлық мемлекеттік қызметшілер атсалысуы керек.   Бұл шаралардың барлығы  мемлекеттік қызметтің қазақстандық қоғамның эталоны болуға бағыттайды. Еліміздің әрбір азаматына өзін-өзі дамытуға тең құқық, мүмкіндік беріп отыр,-деді Әсет Досекенов кездесу барысында.финкон
 Өзінің баяндамасы аясында Әсет Досекенов департаменттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер тақырыбына да тоқталып өтті. Семинарға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды. Департамент өкілі  қойылған әрбір сұраққа түсініктеме беріп, шектеулерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтік дәрежесін өзге мақсаттарда қолдануға, азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын бұзуға тиым салынатынын, ал заңда көрсетілген тармақтарды бұзған жағдайда, жұмыстан босатуға дейін тәртіптік жаза қолданылатынын айтты.финкон3
Кездесу соңында қатысушыларға қоғамымызға жемқорлық қалай еніп,  оның қандай зиян тигізетінін бейнелейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.
 
Гүлназым САҒИТОВА
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓