Жедел-жәрдемдегілерге де қолдау көрсетілді

Облыстық жедел жәрдем станциясының 80 қызметкері 14,5 млн теңге қосымша ақы алды. Олардың барлығы COVID-19 жұқтырған пациенттермен және олармен байланысқан тұлғалармен жұмыс істеген. Атап айтар болсақ, 12 медициналық қызметкерге 425 мың теңгеден, ал төрт жедел жәрдем жүргізушісіне 212 мың теңгеден сыйақы төленді.
скорая помощь
-Коронавирус індетімен күрестегі негізгі жұмыстар қазір біздің мойнымызға жүктелді. Егер сізде қызба, жөтел, түшкіру, ентігу, тамақтың ауыруы, кеуде қуысының шаншуы сияқты белгілер болса, онда үйден шықпаңыз. Бірден “103” қызметіне қоңырау шалу керек. Өйткені, сіз кенеттен вирус жұқтырған болсаңыз, басқаларға қауіп төндірмеуді ойлаңыз. Біздің қызметкерлер жағдайды өздері шешеді, себебі індетті жұқтырған және байланысы бар адамдарды жеткізу – жедел жәрдемнің қызметі – дейді бас дәрігер  Ирина Штейгервальд.
Бір таңқаларлығы, дәрігерлер бүкіл аймақтағы қоңыраулар санының 5 пайызға азайғандығын айтады. Себебі, бұрын жедел жәрдем қызметіне күніне 1100-1200 қоңырау түссе, қазір 800-900 ғана көрінеді.
-Біздің негізгі жалақымыз 150 мың теңгеден басталады және бәрі ауысымға байланысты. Наурызда мен коронавирус жұқтырғандармен жұмыс жасағаным үшін мемлекеттен 425 мың теңге қосымша төлем алдым. Бұл ақша, әрине, артық болмайды. Басында өз денсаулығымыз үшін алаңдағанымыз да рас, алайда сырқатқа көмек көрсету біздің жұмысымыз ғой, сондықтан біз де халықпен біргеміз, – дейді жедел жәрдем фельдшері В.Ястребов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓