Партияларды тіркеу рәсімі жеңілдейді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев партияларды тіркеу рәсімдері жеңілдейтінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдейді. Тіркеу шегін төрт есе – 20-дан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең төменгі шегі үш есеге төмендеп, 600-ден 200 адамға дейін азаяды. Партия құру үшін бастамашыл азаматтар 1000-нан 700 адамға дейін, яғни үштен бірге қысқарады", – деді Мемлекет басшысы.