Гиннес кітабына енеді
Наурыз айының 3 күні 115 жасқа толған, еліміздегі ең қарт тұрғын Қостанайда тұрады, деп хабарлайды "Қазақстан-Қостанай" арнасы. Ғасырдан да ұзақ ғұмыр кешкен кейуананың денсаулығы бірқалыпты. Өздігінен жүріп-тұра алады. Ас үйге өз аяғымен барып, өзі тамақтанады. Қимылы ширақ, ойы сергек. Әсіресе, әжейдің әлі күнге дейін кітап оқитыны таңғалдырды. Санаулы жылдардан кейін қостанайлық Марфуға Селтеткенованың есімі Гиннес кітабына планетамыздың "Ең қарт тұрғыны" есебінде жазылуы мүмкін.Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпеген. Бүгін 115 жас мерейтойын қарсы алған Марфуға әжей шау тартпаған. Еңкейіп бүгілмеген, жүрегіне әжім түспеген. Еңбек етіп есейген ерекше жан "Ұзақ жасаудың құпиясы – жүректің тазалығы" – дейді. 112-ке толғанша бес уақыт намазын қаза қылмаған. Ұлт-азаттық көтеріліс, нәубет пен соғыс жылдарының куәсі болған кейуананың тұңғыш қызы 97 жаста. Өскемен шаһарында тұрады. Келіні 93 жаста. 115-тегі ел анасының күтімі, алтыншы қызы Жібектің қолында тұрады екен.
Қазақстандағы ең қарт тұрғынның 1902 жылы, 3-наурызда туғанын растайтын төлқұжаттарын да өз көзімізбен көрдік. Көрдік те, ғажайыпқа еріксіз сендік. Оныншы мүшел жасқа аяқ басқан қарт ана шөбере-шөпшек тұрмақ, жетінші ұрпағы неменесінің алақанынан су ішкен. Бір әулеттің мәуелі бәйтерегі барша қазақ еліне өзінің ақ батасын берді.