Блок-бекеттің жұмысымен танысты

Облыстық мәслихаттың депутаты А.Жансүгірова мен  “Нұр Отан” партиясының Әулиекөл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Алтынсарин аудандағы штаттық режімде жұмыс істеп жатқан блок-бекеттердің жұмысымен танысып қайтты. Халық қалаулысының айтуынша, аудан тұрғындары қазіргі жағдайды түсінеді әрі қолдайды. Дегенмен, түсіндіру жұмыстары әлі де тоқтамайды, жалғасын таба береді.
депутат
-Індетпен жалғыз біздің еліміз ғана емес, бүкіл әлем болып күресуде. Сондықтан осындай қиын шақта елдің амандығы үшін отбасынан жырақта жүріп, жанқиярлықпен еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне қолдау білдіргеніміз дұрыс. Ол үшін әрқайсымыз бүгінгі жағдайға түсіністік танытып, үйден шықпай, жауапкершілікті күшейтуіміз керек. Карантиндік шаралардың тиімділігі де осында. Мұның бәрі уақытша қиындықтар ғой. Ең бастысы, сабырлық танытып, біз бірге болсақ қана, бәрін жеңеміз, – дейді А.Жансүгірова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓