Дәрігерлер мен полицейлерге міндетті емес

Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері оразаны кейінге қалдыра алады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен биылғы Рамазан айына қатысты мәліметтер бойынша баспасөз конференциясында айтылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.images
«Өз қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі, дүниесі, күміс нисабына жеткен, яғни 127 мың теңгесі бар адам Рамазан айында өзі және отбасысы үшін пітір садақа беруі міндет, уәжіп болады. Пітір садақасы пенденің ораза кезіндегі жіберіп алған қате-кемшіліктерінің өтеуі үшін және көмекке мұқтаж жандарды материалдық қолдау мақсатында беріледі», – дейді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.
Ол қандай саладағы адамдар Оразаны тоқтата алатыны туралы айтты.
«Біреудің өміріне жауапты әрі зәру қызмет иелері, ұшқыш, дәрігер және тағы да кенші, металлург сияқты басқа ауыр жұмыс иелері ораза ұстауға шамасы жетпесе оны кейінге қалдыра алады. Сонымен қатар, елдің қарулы күштері бейбітшілік жағдайынан соғыс жағдайына көшірілген кезде ораза тұту әскердің қырағылығы мен жауынгерлік дайындығын әлсіретуге алып барса – оразаны тоқтатуға рұқсат етіледі. Оның орнына басқа күндері ораза ұстайды», – дейді ол.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓