Арқалықтық науқас – емхана қызметкері

18 сәуір күні Арқалық қаласының 48 жасар тұрғынынан COVID-19 ауруының белгісі анықталғанын жазған болатынбыз – https://old.kostanaytany.kz/archives/84693. Белгілі болғандай, сырқаттанған әйел – Арқалық қаласындағы өңірлік емханасының зертханашысы. Бұл туралы аймақтық жедел штаб хабарлайды.

«Жұқтырудің көзі анықталып жатыр. Қызметіне байланысты індетті жұқтыру тәуекелі жоғары болғандықтан, екі апта карантиндік бөлімінде жатқызылған болатын, СOVID-19 диагнозы расталғаннан кейін науқас әйел инфекциялық бөлімге ауыстырылды. 14 күн бойы ауруханада емделіп жатты, ешкіммен байланысқан жоқ әрі Арқалық қаласының тұрғындары үшін эпидемиологиялық қауіп төндірмеді. Коронавирустық инфекциясы анықталғандықтан, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған барлық медициналық қызметкерлер ауруханаға жатқызылды және тексерілді. Қазіргі таңда эпидемияға қарсы іс-шаралардың барлық деңгейі жүргізілуде, оның ішінде СOVID-19 инфекциясының қайдан келгені іздестіріліп жатыр», – делінген ақпараттық хабарламада.

Бүгінгі күні Арқалықта карантиндік бөлімшеге 11 адам жатқызылған, бұл Ресей Федерациясынан келген және науқастармен байланыста болған адамдар. ЖРВИ-ға ұқсас белгілері бар 5 адам Арқалық өңірлік ауруханасының провизорлық бөлімшесіне жатқызылды. Тағы 64 адам үй оқшаулауында, олардың барлығы полиция қызметкерлерінің бақылауында. Арқалық қалалық әкімдігі жанынан коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу мақсатында өңірлік комиссия құрылған. Шектеу шаралары күшейтіліп, Жезқазған-Петропавл тас жолындағы №12 (372 шақырым) және №13, 300 шақырым қашықтықта блок-бекеттер орнатылып, Арқалық-Торғай бағытында санитарлық бекет орнатылыпты. 18 сәуірден бастап бұрынғы бекеттерге қосымша тағы екі мобильді бекет орнатылған.

WhatsApp Image 2020-04-20 at 17.39.23

WhatsApp Image 2020-04-20 at 17.39.25

«Сондай-ақ, комиссия Арқалық қаласында ұсынылған шаралардың сақталуын, оның ішінде ең қажетті өнімдердің бағаларын бақылау үшін күн сайын рейдтер жүргізуде. 17 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 3 кәсіпкер ескерту түрінде, 12 адам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, салынған айыппұл сомасы 306 628 теңгені құрады, шешім қабылдау үшін сотқа 4 әкімшілік материал жолданды, 5 әкімшілік материал сотта тоқтатылды», – дейді жедел штаб.

WhatsApp Image 2020-04-20 at 17.39.27

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓