COVID-19: тың дерек

20.04.2020 жылғы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысының Жітіқара қаласында коронавирустық инфекцияның 1 дерегі анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның жедел штабы хабар таратты.
"1986 жылы туылған әйел ауруханаға жатқызылды, алдында  ауырып қалғандармен жақын қарым-қатынаста болған.  ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы расталды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті емдеу шаралары жүргізілуде. Ауырып қалған әйелмен байланысқан тұлғалар анықталуда. Аурудың ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасады", – делінген Штаб ақпаратында.
Жалпы қазіргі мәліметке сенсек, өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 21 адам анықталып отыр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓