IT-мектеп-интернаты ашылады
Қостанай облысы «Smart education» цифрлық білім беру жүйесінің жобаларын жүзеге асыруға кірісті. Бүгінде 55 жоба бойынша тиісті жұмыстар басталып кетті. Соның ішінде «IT-сыныптар», «Ақылды мұғалімдер бөлмесі», «Цифрлық кітапхана» сияқты жобаларды атауға болады.
Сонымен қатар Қостанай қаласында мамандандырылған ақпараттық технологиялардың мектеп-интернаты ашылады. Интернат ретінде қаладағы Сібір (Сибирская, 50) көшесінде орналасқан №2 түзету мектеп-интернатының ғимараты пайдаланылады. Ал ондағы жетім балалар өз таңдаулары бойынша «Жанұя» балалар үйіне немесе Рудныйдағы балалар үйіне өтеді.
-Екі жыл бұрын Қостанай қаласындағы «Озат» дарынды балаларға арналған мектебін жабу және сақтап қалуға қатысты күрделі мәселе туындаған болатын. Бүгінде облыс әкімінің шешімімен аталған мектептің негізінде мамандандырылған IT-технологиялардың мектеп-интернатын ашу жоспарланды. Біз бұған дейін Қазан қаласына арнайы барып, болашақ IT мамандарын даярлап жатқан оқу орындарының жұмысымен таныстық. Ол жерде ақпараттық технологиялар саласын оқытатын лицей, университет бар. Сондағы тәжірибені өз облысымызда қолданып, мықты мамандар даярлап шығаруды қалаймыз. Қостанайдағы болашақ IT-мектеп-интернаты балалардың логикалық ойлау қабілетіне баса мән беретін болады,-деді білім басқармасының басшысы Б.Даумова.

Қымбат ДОСЖАНОВА
Өте тамаша! Бұл жобаның бастамасы жақсы екен. Осы мектеп жайлы толық ақпарат қайдан алуға болады?