Коронавирустан бір адам сауықты
Бұл Қостанай облысында 3 сәуірде коронавирустық инфекцияға диагнозы расталған алғашқы науқас. Естеріңізге сала кетейік, ол наурыз айында Египеттен Алматыға ұшып келген болатын. Әйел Қостанайға оралғанда оны провизорлық госпитальға оқшаулаған. Екі аптадан кейін COVID-19-ға қайталай тексеруде оның сырқатты жұқтырғаны анықталып, ол облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Емделуші ертең ауруханадан шығарылады.
Сондай-ақ, 7 сәуірде облыстық ауруханаға коронавирус инфекция диагнозымен түскен тағы екі науқас 21 сәуірде қайта тексеруден өтеді. Ерлі-зайыптылардың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде алғашқы науқас шыққаннан кейін індет жұқтырған сегіз адам қалады.