Елмен біргеміз, бәрін бірге жеңеміз!

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  коронавирус індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы тапсырмасына орай, осы жолда жанқиярлықпен еңбек етіп жатқан ақ желеңділерге мемлекет тарапынан мейлінше қолдау көрсетіліп жатыр. Науқастардың өміріне араша түскен дәрігерлер де өз міндеттерін адал атқаруда. Олар күндіз-түні ауруханалар мен стационарлық орталықтарда ем-дом шараларын жүргізіп, бақылау бекеттерінде де тынымсыз жұмыс істеуде. Қостанайлық медицина мамандары да бұл қолдаудан шет қалып жатқан жоқпыз. Мен қызмет етіп жатқан облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің мамандары да қазіргі жағдайда басшылық тарапынан ерекше қолдауды сезініп отырмыз. Әсіресе, барлық қорғаныс құралдарымен қамтылып, алаңсыз еңбек етуімізге барынша жағдай жасалған. Сондықтан, осындай қиын-қыстау кезеңде мемлекет тарапынан медицина қызметкерлеріне жасалынып жатқан қолдауға шексіз риза бола отырып, мен де Президентімізге, жергілікті билікке өзіміздің “Қостанай таңы” газеті арқылы алғыс білдіргім келеді.  Әрине, дәрігерлер еңбегін бұлдамайды ғой, дегенмен бұл оларға көрсетілген үлкен қолдау деп білемін. Ең бастысы, сақтық шараларын қатаң сақтап, эпидемияны әсіресе балалар арасында таратпау үшін барымызды салып жатырмыз. Өздеріңіз жақсы білесіздер, қазір біздің өңірде де бұл індетке шалдыққандар саны жиырмаға жетті. Жергілікті мамандар да қолдарынан келгенше күресіп бағуда. Дегенмен, індеттің әріқарай өршіп кетпеуіне әрбір азамат атсалысып, ол үшін үйден шықпай, сәл шыдамдылық танытып, дәрігерлердің жұмысына өз ықпалын тигізсе екен дейміз. Бұл уақытша және өтпелі қиындық. Сол себепті де тәртіпке бағынып, әсіресе балаларымыздың амандығы үшін, солардың денсаулығы үшін үйден шықпай, оқшауда болайықшы. Дәрігерлер сіздер үшін жұмыста қалды, ал сіздер олар үшін үйде қалыңыз!
саят инфекционист даригер
Саят БАШЕЕВ
Облыстық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓