Мұғалімдердің назарына!

Соңғы кездері  "Қостанай таңы" газетінде ұстаздар қауымының түрлі саланы қамтыған мақалаларының жиі жарияланып жатқанын көзі қарақты оқырман аңғарған болар. Олардың дені жарасымды істерді көрсеткен, жеткен табыстарды паш еткен жақсылықтың жаршысы іспетті материалдар. Алайда, жасыратын не бар, редакциямызға поштамен де, өз аяғымен де келетін ұстаздың тілек-талабы – қайткенде де газетке мақала шығару керек. Мақала шықса, ол онда мектеп немесе оқу орнының беделін (рейтингісін) көтеруге, ал мұғалімге кәсіптік біліктілігін арттыруға сеп болады. Бізге келушілер жарияланымның мақсатын осылай түсіндірді. Хош, делік. Егер жас ұрпаққа білім нәрін беретін ұстаздарға біліктілігі мен білім сапасын арттыруға қажет екен, ендеше біз де ол ниетін қолдауды жөн көрдік.
Сонымен келешекте газетімізде ұстаздардың осы мақсаттағы жарияланымдары үшін "Мұғалім мінбері" атты айдар ашылмақ. Ондағы жарық көретін  мақалалар ақылы болады.  Осы санаттағы мақалалардың әр шаршы сантиметрі 30 теңгеден есептелі-неді. "Қостанай таңына" жазылдым", – деп түбіртектерін әкелетіндерге шамалы жеңілдіктер де бар. Бастысы – мақала мазмұнды да мәнді әрі сауатты болсын.
"Қостанай таңына" ақылы мақала беру үшін мына  есепшотты қолданыңыз: БИН 000340004677; ИИК: KZ126010221000241401; БИК: HSBKKZKX "Қазақстан Халық банкі" АҚ  Кбе 16.
 
Редакция.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓