Жедел желі іске қосылды

сетьҚазақстанда азаматтарға дін саласы бойынша кеңес беретін «114 жедел желі» – www.114.kz ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«114 жедел желісі» ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады. Жоба азаматтарға дін мәселелері бойынша кәсіби және уақытылы көмек көрсету мүмкіндігін береді. Мамандар телефон және сайттың онлайн желісі арқылы азаматтардың дін тақырыбындағы кез-келген сауалдарына жауап береді, діни арандатушы әрекеттерден зардап шеккендерге психологиялық тұрғыдан қолдау көрсетеді.
Байланыс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. «114 жедел желісі» сайтында дін саласындағы мемлекеттік саясат туралы өзекті ақпараттар, мақалалар, сұхбаттар, сарапшылардың пікірлері орналастырылған.
«114 жедел желісі» – Қазақстанда ғана жүзеге асырылған бастама емес, мұндай қызмет ТМД елдерінің көбінде бар. қолданыс тапқан. Айта кетейік, биылғы жылдың соңғы үш айында (2017 жылдың 1 сәуірінен 31 маусымына дейін) «114 жедел желісі» мамандары 144-тен астам хабарласқан адамдарға жауап қайтарды. Көбінесе Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарының азаматтары хабарласқан.
Мамандар ислам мәселесіне қатысты сұрақтар қоятын азаматтардың қатары артқандығын айтады. Хабарласқандар тарапынан хиджаб киіп, орамал тағу, намаз оқу, ораза ұстау және ислам дінінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы жайлы сұрақтар көп қойылған.
Естеріңізге сала кетейік, кеңес алу тегін және құпия түрде жүзеге асырылады. Қоңыраулар қала телефондарынан «114» нөмірі арқылы қабылданады. Қосымша қоңыраулар (хабарламалар, фото/видео материалдардан тұратын басқа да ақпараттар) WhatsApp +7 777 0000 114 номері арқылы қабылданады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓