Астыққа да асар қажет

Облыс диқандары барлық астықты алқаптың 53% жинап алды. Яғни, 2,1 млн.гектардың егіні жиналды.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов мәлімдеді.  Оның айтуынша, әзірге 2 млн.тонна астық бастырылған. Гектар берекелілігі 8-9 центнерден оралуда. Егер өткен жылғы науқанмен са-лыстырар болсақ, бүгінге дейін 1,3 млн.га кем орылыпты. "Жанкелдин, Аманкелді аудандары мен Арқалық қаласының диқандары егін орағын толық аяқтады. Енді бірер күнде Науырзым ауданы да нау-қанға нүкте қояды. Жітіқара мен Қамысты күзгі жиын-терім 80-83 пайызға орындалған. Бұған кері-сінше Ұзынкөл, Меңдіқара, Қарабалық және Сарыкөл аудандарында дала жұмыстары өте баяу жүргізілуде. Бұған жаз айларындағы үздіксіз жауған жаңбыр      едәуір кедергісін келтірді. Қыркүйек айының екінші онкүндігіндегі күн райының қолайсыздығы ша-руалардың қолын еріксіз байлап, матады", – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары аппарат мәжілісінде. Сондықтан оларға облыстың оңтүстігіндегі аудандардың көмегі қажет. Солтүстік аудандардың диқандарына Ақтөбе облысының ауыл шаруашылық мамандары да  қол ұшын созуға ниетті.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓