5 минутта қызмет көрсетіледі

Енді Қазақстанда мобильдік қосымша көмегімен халықты жұмыспен қамту орталығына жіберілген өтінімге қатысты жауапты 5 минут ішінде алып, қызмет көрсету сапасын нақты уақыт тәртібінде бағалауға болады.imagesҚазіргі замандағы адам жылдам байланыс құруға, сұрақтарға жылдам жауап алуға үйренген, қарым-қатынастар гаджетке көшіп, қызметтердің көпшілігіне – ұйымға өтінім жасау болсын не зат сатып алу болсын – бәріне цифрлік форматта қол жеткізуге болады. Цифрлік заманның тағы бір белгісі – әлеуметтік желілердің дамуы, мұнда кез келген адам Facebook не Instagram-да парақшасын ашу арқылы бұқаралық ақпарат құралына айнала алады. Бұл ешқашан мүмкін емес еді, ал қазір жеке адамның пікірі үлкен салмаққа ие: бір ғана конструктивті пікір жөнді ұсынысты енгізуге, оң өзгерістерге бастама береді, халыққа көрсетілетін қызметтердің жылдамдығы мен сапасын жақсарта алады. Қызмет алушылардың пікірлері қазір өте жоғары бағаланады, өйткені ақпаратты алудың жылдамдығы арқасында бүгін қысқа мерзім ішінде қызметтің кемшіліктерін жойып, сынға жөнді жауап беріп, келелі мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – қоғамның күрделі әлеуметтік мәселелерін шешуге келгенде бірінші қатарда тұратын мемлекеттік органдардың бірі, сондықтан министрлік азаматтармен тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін әртүрлі құралдарды өз қызметіне ұдайы ендіріп отырады. Кері байланыс алу және мәселелерді шешу тетігі сондай құралдардың біріне айналып отыр. Бұл тетіктің аясында жұмыспен қамтуға байланысты мемлекеттік қызметтерді алушылардың өтінімдерін қабылдау бойынша тұтастай шаралар кешені қарастырылып қойылған.
Сондай-ақ, аталмыш тетік «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалған және App Store мен Play Market–те тегін жүктеп алуға болатын Digital Agent мобильдік қосымшасында жұмыс жасайды. Қосымша бүкіл Қазақстан бойынша мемлекеттік ұйымдардың, соның ішінде, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына қатысты кері байланысты шапшаң түрде алып, оны өңдеуге мүмкіндік береді.
Еңбек министрлігінің қолданып отырған кері байланыс тетігі сыпайы сөйлесу, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейі, әкімшілік кедергілердің бар-жоқтығы, күту уақыты, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайдың қарастырылуы бойынша жұмыспен қамту орталықтарындағы қызмет көрсету сапасын нақты уақыт тәртіптемесінде бағалап, ең қысқа мерзім ішінде шағымға жауап алуға мүмкіндік береді.
Қазақстандықтарда аз уақыты мен күшін жұмсай отырып, жұмыспен қамту орталықтарының қызметін бағалап, өз мәселелерін шешу үшін көмек алып қана қоймай, сонымен бірге, қызметті жақсарту үшін ұсыныс айтуғамүмкіндік пайда болып отырғандығын атап өту маңызды. Жұмыспен қамту мемлекеттік қызметтері жайлы пікіріңізбен бөлісу үшін мобильдік қосымша арқылы өз қалаңызды белгілеп, бағаланып отырған жұмыспен қамту орталығын таңдап, бағаны қойып, пікір қалдыру қажет. Шағым түскен жағдайда орталық қызметкерлері хабарлама алып, туындаған мәселе бойынша 5 минут ішінде қайта қоңырау шалады.
Аталмыш тетік ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банктің қаржылай және техникалық қолдауымен жүзеге асырып отырған «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы аясында іске қосылды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓