Басты назарда – ЭКОНОМИКА

Облыс әкімдігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде өңірдің экономикалық мәселелері жан-жақты сөз болды.
Мәселен, жыл басынан бері өңірде тау-кен өндірісінің жан басына шаққандағы индексі  10%-ға кеміген. "Негізінен бұл әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты және темір жентектерін Қытайға жөнелту мәселелерінен туындап отыр. Алайда, ССКББ-інде жұмыс кестесінде еш өзгеріс жоқ. Биыл өндіріс ошағы Қытайға 16093 мың. тонна өнім жеткізеді. Бұл төңіректе орын алған кедергілер болғанмен, олардың бәрі уақытша құбылыс", – дейді облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев
Облыс басшыларының мәлімдегеніндей, біздегі асбест, алтын, темір, алюминий өндіретін кәсіпорындар да дағдарысқа тап болды. Соған қарамастан, өндіріс көлемі  4 пайызға өсіпті. Өйткені, тау-кен өндірісі кемігенімен, өңірде өнім өңдеуші кәсіпорындар, машина құрылысы, азық-түлік өнеркәсібі жандана түскен.     
– Үкімет жеті сайын мониторинг өткізеді. Онда экономиканың қосымша өсу жолдары қарасты-рылған, – деп атап өтті аймақ басшысы, –  Жыл аяғына дейін облыс экономикасының көрсеткіштері өткен жылғыдан сәл де болса асады деген ниеттеміз. Бұл Қостанай мен Жітіқарадағы индустриалдық аймақ құрылысының, Рудныйдағы цемент зауытының есебінен жүзеге асырылмақ. "Қазір қандай жағдайда болмасын, шағын және орта бизнесті де  назардан тыс қалдыруға болмайды. Өндіріс көлемін бір қалыпта ұстаған жөн. Мұның бәрі облыс экономикасын алға қарай жылжытуға едәуір серпін беретін тетіктер", – деді облыс әкімі.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓