“БОЛАШАҚТАН” шет қалмаңыз…
Үстіміздегі жылдың 22-30 қыркүйек аралығында Қазақстанның облыс орталықтарында "Болашақ" халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқанның екінші кезеңі өтіп жатыр.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамашылығымен құрылды. Сол жылдардан бері "Болашақ" бағдарламасымен сегіз мыңға жуық жас стипендияның иегері атанды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері біздің облысымызда да болып, мемлекеттік қызметшілер, өңірлік жоғары оқу орындарының түлектері, инженерлік-техникалық мамандары, медицина және ғылыми-педагог, масс-медиа, мәдениет және шығармашылық қызметкерлерімен кездесті. Жиналғандарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ мамандары Дидар Байжанова мен Олжас Баймағамбетов магистратура, резидентура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалардан өту бағдарламалары бойынша "Болашақ" халықаралық стипен- диясын иелену мүмкіндіктері туралы барлық қажетті ақпаратты берді. Брифинг аясында қатысушыларға 2014 жылы құжаттар қабылдау ережелері мен мер-зімдері, конкурстық іріктеу шарттары туралы айтты.
– Біздің осы өңірге келуіміздің де өзіндік себептері бар. Көрсеткіштерге жүгінсек, Қызылорда, Қостанай облыстарында "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алушылардың саны аз, Тараз қаласына да бармақпыз. Бағдарлама қағидаларына өзгеріс-тердің енгізілуіне орай, бакалавриат бағдарламасы тоқтатылды, магистратура, резидентура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалардан өту үшін мемлекеттік қызметшілер, өңірлік жоғары оқу орындарының түлектері, ауыл жастары, инженерлік-техникалық мамандары, медицина және ғылыми-педагогтардың "Болашақ" стипендиясының иегері болуына, сонымен бірге 2013 жылдар бері магистр дәрежесін алуға БАҚ, мәдениет және шығармашылық қызметкерлерінің де мүмкіндіктері бар, яғни олар үшін квота енгізілді. Өткен жылдан бастап "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау Электрондық үкімет порталы және өңірлердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылатындығын еске саламыз, Биыл 1100 стипендия бөлу жоспарланып отыр, – деді өз сөзінде "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ маманы Дидар Байжанова.
Ал, бағдарламаға келер болсақ, үміткерлерді іріктеу мемлекеттік және шет тілдерін білу, психологиялық дайындығы, зияткерлік және кәсіби даярлығы деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурс 5 (бес) турдан тұрады. Мәселен, бірінші турда үміткердің шет тілін білу деңгейі анықталады. Шетелдік жоғары оқу орындарының талаптарына сәйкес шет тілін білу деңгейін анықтау жөніндегі тестілеу-дің орнына таңдаған оқу мамандығына сәйкес пәндік емтихандар өткізілуі мүмкін. Екінші турда үміткердің мемлекеттік тілден тестілеу тапсырады. Үшінші турда оның шетелде оқу және тұру қа-білетіне психологиялық диагностика жүргізіледі. Төртінші турда үміткердің Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан тарихын, мемлекеттік рә-міздерді білуі, кәсіби даярлық деңгейі анықталады. Бесінші-сінде, республикалық комиссияның отырысында үміткерлер іріктеледі. Бүгінде бағдарламаға бағдарламалы-мақсаттық әдіс енгізілді – жұмыс беруші, стипендиат және "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ арасында үшжақты шарт жасалады. Жұмыс беруші стипендиат оқуын немесе тағылымдамасын аяқтап келгенше жұмыс орнын сақтайды. Бағдарлама шеңберінде алған білім сапасын арттыру мақсатында оқу және ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдің жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтары мен зертханаларының тізімін қысқарту жүргізілуде. Бүгінгі күні оған әлемдік рейтингілерде жетекші орындарда тұрған үздік университеттер кіреді.
Гүлназым
САҒИТОВА