Нұрдана олимпиада жеңімпазы

Бүгінде Аманкелді ауданында дарынды жас балалар баршылық. Солардың бірі – 9 сынып оқушысы Нұрдана Тұрысбек. Нұрдана қазақ тілі мен әдебиеті пәнін үздік оқиды. Оның бұл пәндерді таңдауына ұстазы Әсел Мұратәліқызы ықпал еткен.
алтынмедаль
Жақсы ұстаз қашанда жан-жағына үлгі шашып жүреді. Әсел Нұрдананың туған тілі мен әдебиетіне деген қабілетін аңғарып, оған ерекше ықылас танытты. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын Әсел Нұр-дананың бағын ашты. Оның тілге деген сүйіспеншілігін арттырды. Нәтижесінде Нұрдана республикалық пән олимпиадасының 3-ші кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өзінің білімділігін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Алтын медальды жеңіп алды. Бұл әрине, аудан, облыс үшін үлкен жетістік. Алыстағы ауыл мектебі шәкіртінің мұндай үздік нәтижеге жетуі сөз жоқ, білікті ұстаз еңбегінің де нәтижесі. Нұрдананың өлеңдері талапкер қатар-құрдастары се-кілді аудандық газетте жарияланып тұрады. Дарынды одан әрі дамыту үшін оқып, іздену керек қой. Нұрдана мұны жақсы түсінеді. Сондықтан да, өзінің ана тілі мен әдебиетін жақсы көреді. Басқа пәндерге қарағанда бұл сабаққа жан-тәнімен дайындалады. Ол хал-қымыздың классик ақындары мен жазушыларының тамаша туындыларын көп оқиды. Шетел классиктерінің де туындыларын қалт жібермейді. Мұның бәрі оның әдебиетке деген құштарлығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтетіні анық. – Шәкірттерім көп. Бірақ, солардың ішіндегі ерекшесі – Нұрдана! Берген тапсырмаларымды мүлтіксіз орындайды. Білмейтін жерлері болса ұялмай, ерінбей сұрап, соны меңгеріп алады. Сабақ бағдарламасымен шектеліп қалмайды. Өзінше ізденіп, оқиды. Талабына нұр жауатын мұндай шә-кірттен айналмайсыз ба?! Оның мектеп бітіреріне әлі 2 жыл бар. Өзінің дайындығын күшейте отырып, жаңа нәтижелерге қол жеткізеріне сенімі мол. Мен оны әрдайым назарымда ұстаймын. Жақсы, білімді шәкірт – әрбір ұстаздың жарты байлығы. Нұрдананы көрген сайын көп жылғы механаты мол мұғалімдік еңбегімнің заяға кетпегенін сезіне түсі-немін, – дейді шәкірті туралы ұлағатты ұстаз Әсел Мұратәліқызы.
 
Хамитбек МҰСАБАЕВ.
Аманкелді ауданы. СУРЕТТЕ: Нұрдана Тұрысбек ұстазы Әсел Мұратәліқызымен бірге.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓