Қауіпсіз жазғы демалыс
Жақында жазғы мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің жетекшілерімен бірлесіп, қалалық №4 және №11 орта мектептерде "Қауіпсіз жазғы демалысы" тақырыбында экскурсия өткізді.
Шараға Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қатысты. Олар балаларды сауықтыру лагерьлерінде болуы ықтимал қауіптер және жазғы демалыс кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы, мектеп ішіндегі және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі ережесі талаптары туралы баяндады. Суда құтқару қызметінің құтқарушылары суға кеткен адамға көмек көрсету тәртібін, жасанды жолмен дем алдыру әдістері мен тәсілдерін көрсетті.
Асхат БАДЕНОВ,
Қостанай қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың инженері.