БІЛІМ ҒИМАРАТТАРЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНАДЫ
Алдағы жылы Қостанай облысының барлық мектептері мен балабақшалары толықтай бейнебақылау жүйесімен жабдықталатын болады. Бүгінде оқу орындарының 50% – дан астамына бақылау жүйесі орнатылған деп хабарлайды "Біздің Қостанай" сайты.
Оқу орындарында бейнебақылау камераларын орнату – қауіпсіз орта құрудың амалы. Елбасының тапсырмасымен қолға алынған айтулы шара Қостанай облысында ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда өңірде 504 мектеп пен 124 мемлекеттік балабақша жұмыс істейді. Бейнебақылау жүйелерімен 52% оқу және 77% мектепке дейінгі мекемелер жабдықталған. Ал колледждер мен интернат ұйымдары 100% қамтылған.
Қостанай облысының білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесін кезең-кезеңмен орнатуды бір жылда аяқтау жоспарлануда. Яғни, 2020 жылдың 1 тамызына дейін өңірдегі барлық мектептер мен балабақшалар толықтай қамтылуы тиіс.