Ана тілі – жүрек тілі

жасай бер ана тилиЫбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботакөз Құлмағанбетованың   ұйымдастыруымен  "Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!"  атты мерекелік кеш болып өтті.  Кешті мектебіміздің директоры Ғиуаз Әлмағанбетов ашып, өз лебізін білдірді. Содан кейін сахнада күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі, оның  дарынды  шәкірті Дина жайлы сахналық қойылым қойылды. Мектебіміздің   өнерлі оқушылары ән-би  орындап,  жиналған қауымды  қуантты. Жас ақындар өздерінің арнауларын оқыды. Ал, бастауыш сынып оқушылары патриоттық әндерді шырқады. Осы тіл мерекесіне орай  5-12 сынып оқушылары арасында қабырға газетінен жарыс өткізіліп, 5-9 сынып оқушылары шығарма жазған-ды. Кеште ең үздік қабырға газетін шығарған 9"а", 9"ә", 10"ә" сыныптарына мақтау қағазы мен сыйлықтар тапсырылды. Ең үздік шығарма иелері де марапатталды. Олар – Ұлмекен Қабдрахим, Айбану Сейлбекова, Ерасыл Болатов.  Кеште барлығымыз ана тіліміздің құдіреті мен өміршеңдігіне көз жеткізгендейміз. 
Жансая МҰХАНБЕТҚАЛИЕВА,
"Қостанай таңы" газетінің жас тілшісі,
Ы.Алтынсарин атындағы  орта  мектебінің 11-сынып оқушысы.
Аманкелді ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓