«Қаһарлы жүрек» слеті өтті

«Параллель» турбазасында Рудный әскери-патриоттық клубтарының «Қаһарлы жүрек» атты IV слеті өз мәресіне жетті.
рууууЕрке Тобылдың жағалауында өткен шараның салтанатты жабылуына қалалық ішкі саясат бөлімі, жастардың ресурстық орталығы мен еріктілер лигасының өкілдері қатысты. Бұл жолы Рудный тау-технологиялық колледжінің «Беркут», №2 гимназияның «Гвардия» және Ульянов ауылының «Пластун» командаларына Рудный мен Қашар кентінің «Вего», «Арыстан», «Д.М.Карбышев» командалары қосылып, табиғат аясындағы басқосулары тартысты әрі қызықты өтті. Олар үшін үш күндік жарыс ішінде 14 шақырымға жүгіру, газтұмылдырық кию, автоматты бөлшектеп жинақтау, сондай-ақ әскери әндер айту, волейбол мен түрлі эстафеталар ұйымдастырылды. Слетте жан-жақтан келген жас патриоттар бір-бірімен достасып та үлгерді. Сондықтан болар, мықтыларды анықтап, марапаттайтын кез келгенде барлық командалар шат-шадыман көңіл-күйде болды. Айта кетерлігі, жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беріп, рухын жануда, салауатты өмір салтын насихаттауда осындай шаралардың маңызы зор. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды №4 лицей жеңіп алды. 2-3-орындар қашарлықтар мен Рудный №1 мектептің жігіттеріне бұйырды.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓