Мен таңдаған мамандық

IMG_8668цвКім болмасын бала кезінде мұғалім болуды армандаған болар. Перизат Ахметова осы арманның жетегінде бойжетті. Мұғалім болу жауапты іс. Мұғалім өзгеге үлгі боларлық тұлға. Сондықтан бойыңда мін болмаған дұрыс. Ал бұл оңай міндет пе?!
Перизат мектепте жүргенде-ақ үлгілі оқушылардың қатарынан көрінді. Сабаққа да жауапты болды. Мұғалімнің берген тапсырмасын екі етпеуге барын салатын. Осы еңбегі еленіп, аудан әкімінің гранты бойынша жоғар-ғы оқу орнында білім алды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, музыкант атанып шықты. Оқуды аяқтаған соң өзінің өскен жері Алтынсарин ауданына келді. Щербаков ауылдық округіндегі мектепке орналасты. Бүгінде балаларға музыкадан сабақ береді.
Перизат мектепке келгелі өзгеріс көп. Ескі пианино музыка залына шығарылды. Ескі дегені болмаса, іске жарамды екен. Осының арқасында бал-ғындар ән айтып, музыкаға ден қоюда.
– Балаларды домбыра тартуға үйретудемін. Өнердi сүйген бала жаман болмайды. Бәрiмiздiң музыкант, өнерпаз болуымыз мiндеттi емес. Ең алдымен бойындағы дарыны ашылып жатса жақсы ғой. Сонымен қатар халқының мәдениетiн, өнерiн бала жастан бойына сiңiрiп өссе деген де ойым бар. Қазіргі кезде үйірмеге келемін деп жүрген балалар баршылық. Мен өзім таңдаған мамандығымның жемісін көрсем деймін, – дейді Перизат.
Перизат та баспана кезегінде тұрған жастың бірі. Ол да жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көруде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓