Слеттің де айтары бар

Туған өлкенің тарихын,  табиғатын және атақты жерлестеріміздің өмірі мен қызметін тану, оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік, азаматтықты тәрбиелеу мақсатында балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығында  іздестіру-зерттеу жасақтарының облыстық слеті болып  өтті.
Слетке облысымыздың аудандары мен қалаларынан барлығы  он алты команда қатысты.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, слет барысында  қатысушылар ең алдымен  атқарып жатқан жұмыстарын визит кәртішкесімен таныстырады. Сонымен бірге "Біздің атақты жерлестеріміз" атты ізденіс-зерттеу жұмыстарының көрме-сайысы, эрудиттер сайысы және ізденіс-зерттеу жұмысын қорғау бағдарламасы болады.
– Біз мұндай сайысқа бірінші рет қатысып отырмыз. Мектебі-мізде оқушыларды тек еліміз ғана емес, туған өлкесінің өткені мен бүгінгі тарихымен, мәдениетімен, облысымыздан шыққан біртуар тұлғаларымен,  абзал еңбек азаматтарымен таныстыру мақсатында іздестіру-зерттеу жұмыстарын үнемі жүргізіп отырамыз. Мәселен,  5-6 сынып оқушылары үшін арнайы "Нұржантану" оқуын жүргіземіз. Осы аттас лицензиялы кітабымыз да бар. Оқу курсына арналған "Нұржантануды" облыс орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы университеттің ғалым-оқытушыларымен бірлесе жаздық.  Елімізге танымал ақын Ақылбек Шаяхметпен де тығыз байланыста жұмыс істейміз. Осы шараға қатыса отырып, тәжірибе жинақтасақ,  өзара байланыс жасасақ,  көп оқушыларымыз Нұржан Наушабаевтың аты-жөнін естігенімен, ол кісінің кім екенін біле бермейді,   осындай талантты жерлес ақынымыздың бар екенін  танытсақ, насихаттасақ деген ойымыз да бар. Өңіріміздегі басқа мектептерде осы тұрғыдағы жұмыстар қалай жүргізіледі,  қай мәселеге көңіл бөлуіміз керек деген көңілде жүрген сауалдарымызға жауап тапсақ дейміз,  – деді бізге Қостанай ауданындағы Н.Наушабаев атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Жанбота Әлімова.
Слетке қатысушылар әр кезең бойынша сайысқа түсті. Әсіресе, іздестіру-зерттеу бағдарламаларын қорғау барысында оқушылар облысымызда, сол секілді әр өңірдің  елімізге, облысымызға  танымал жерлестеріміз, ерен еңбеккерлеріміз,  1941-1945 жыл-ғы неміс-фашистеріне қарсы соғыста жеңіске жеткен, қаза тап-қан  абзал ардагерлеріміз  жайлы көптеген мәліметтер тапқандарын, мақтан тұтарлық ақын-жазушыларымыз,  ұлы тұлғаларымыз, батырларымыз, мысалы, ақын М.Хәкімжанова,  Ұлы Ұстаз Ы. Алтынсарин, Кеңес Одағының Батыры С.Баймағамбетов, жазушы, Социалистік Еңбек Ері Ғ.Мүсірепов, және  басқалар туралы тарихи деректер жинағандарын айтты. Осындай ізденіс-тер, зерттеулер еліміздің, туған өлкеміздің тарихын, мәдениетін жан-жақты тануға  жетелейтіндік-терін жеткізді.  Әрине, слет болған соң жеңімпаз болары анық. Жалпы командалық  есеп бойынша, ұзынкөлдік  оқушылар бірінші орынды жеңіп алды. Екінші мен үшінші орынға алтынсариндік және науырзымдық оқушылар ие болды. Слетке қатысушылар содан кейін  облысымыздағы  ІІД "Милиция даңқы" мен тарихи-өлкетану мұражайларына экскурсияға барды.  
Гүлназым
     САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓