Уақыт сыншы

уакыт сыншы"Жұмыспен қамту-2020" Бағдарламасының қатысушыларының бірі ауданымызға қарасты Қаратал ауылының тұрғыны Әйгерім Мұхамбетжанова. Әйгерім аталмыш бағдарлама аясында тегін білім алу мүмкіндігін пайдаланып Қостанай автомобильдік транспорт колледжінде жол және аэродром құрлысы мамандығы бойынша екі жыл алты ай білім алып шыққан жастардың қатарынан. Бүгінде аудандық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінде мемлекеттік бағдарламаның арқасында "Жастар тәжірибесінен" өтіп жүр.
– Мен, "Жұмыспен қамту –2020" бағадарламасы арқылы тегін арнайы орта білім алып шықтым. Осы уақыт ішінде маған мемлекет тарапынан жол ақысы мен тұрғылықты баспана қаражаты төленді, сондай-ақ 12 мың теңге көлемінде студенттік стипендия берілді. Ал, оқуымды тәмамдаған соң мамандығым бойынша тәжірибеден өту мүмкіндігіне де ие бодым. Әсіресе біз сияқты жастар үшін бұл мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдау. Өйткені тәжірибесі жоқ адамның жұмысқа орналасуы өте қиын, ал бұл жерде біз жарты жылдай өз білімімізге практикалық тәжірибе алып, жұмыстың қыр-сырын жете меңгеруге мүмкіндік бар. Бұрындары мен жол және аэродром құрлысы мамандығы бойынша білім алуды ойламадым да. Ол тек ер азаматтардың ісі деп білетінмін. Ал, қазір бұл мамандық заман талабы және өте қажет мамандық екенін түсіндім. Осы мамандығым бойынша жоғары білім алуды да ойласып жүрмін. Мемлекеттік бағдарлама халық үшін жастардың игілігі үшін жұмыс істеп жатыр деп нық сеніммен айта аламын, – дейді Әйгерім.
Осылайша жолы болып, берілген мүмкіндікті пайдаланған жас маманның әлі де жоспарлары көп. Өзге де жастарға айтарымыз уақытты бағалап, жоспарлай білген дұрыс. Уақыт сыншы. Дер кезінде қимылдап, өмірден өз жолыңды тапқан жөн.
Қымбат НАҒАШЫБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓