Әлеуметтік қолдауға ризамыз

Қазіргі елдегі жағдайдың әсіресе шағын кәсіп бастап, өз ісін дөңгелентіп отырғандар үшін оңайға соқпай отырғаны рас. Мен де карантиннің кесірінен қол қусырып отырғанымды жасырмаймын. Өткен жылдың желтоқсан айында “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының “Жас кәсіпкер” жобасы арқылы 505 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, бұл қаражатқа Рудный қаласындағы сұлулық салондарының бірінен жалға кабинет алып, шаштараз ашқан едім. Кәсібім енді-енді өрге басып келе жатқанда елде төтенше жағдай жарияланып, бәрі жайына қалды. Әрине, бүгінгі жағдай жалғыз маған ғана емес, қаншама әлеуметтік салаға, тіпті тұтастай елдің экономикасына қатты кедергі келтіруде. Бірақ, мен сияқты қаржылық қиындықтарға тап болғандарды үкімет далада қалдырып жатқан жоқ, халыққа біраз әлеуметтік көмектер көрсетіліп жатыр. Президент төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға 42 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленетінін мәлімдегенде көпшіліктің сенімсіздікпен қарағаны да рас. Алғашында шыны керек мен де қатты сенбеп едім. Алайда, көп күттірмей өтініш беріп, небәрі үш күннің ішінде аталған жәрдеақы шотыма түсті. Бұл әрине қазіргі жағдайда біз сияқты табысынан айырылғандарға, аз қамтылған отбасыларға үлкен көмек-қолдау деп білемін. Ең бастысы, еліміз аман болсыншы!
таңшолпан рудный
Таңшолпан ҚОДАРОВА, жеке кәсіпкер
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓