Алимент ала алмай жүр

Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Самат Ақышев және "Нұр Отан" партиясы ҚОФ-ның заңгер-кеңесшісі Н.Жаменковтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.
1392401017_lyubish-razvoditsyaПартияның қоғамдық қабылдауына алғашқылардың бірі болып жазылған Гүлім Сәрсембаева алимент өндіріп алу туралы сұрақ қойды. Аталмыш азаматша үш баланы тәрбиелеп отыр. Екі баласы студент, колледжде оқиды. Олардың оқу ақысын төлеуге жалғыз өзінің шамасы келер емес. Бұрынғы күйеуі 140 мың теңге алимент беруі керек екен. Бірақ соның тек 40 мың теңгесін ғана төлепті. Енді балалардың оқу ақысына ақшаны қайдан аларын білмейді. Алимент мәселесі туралы  2010  жылы  сот орындаушыларына шағымданған. Алайда,  оның бұл әрекеті еш нәтиже берген жоқ.
Облыстық мәслихаттың депутаты Самат Ақы-шев және "Нұр Отан" партиясы ҚОФ-ның заңгер-кеңесшісі Н.Жаменков бұл мәселеге байланысты заңды тұрғыдан кеңес берді. Заңгер-кеңесші Н.Жаменковтың айтуынша, балаға тиесілі алиментті алу үшін облыстық әділет департаментінің алимент өндіріп алу бөліміне арыздануға болады.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓