Карантинге жабылады!
Қостанай облысы Жітіқара ауданның аумағында 2020 жылғы 16 сәуірде сағат 00.00-ден бастап карантин енгізіледі. Бұл туралы өңірлік жедел штаб хабарлайды.
«Жітіқара ауданының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруымен эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қостанай облысының аумағында КВИ әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері В.Нечитайло №10 қаулыны шығарды», – делінген хабарламада.