Өнім еселеніп, табыс ұлғайды

Биыл Сарыкөл ауданы астық шығымдылығы жөнінен облыста көш бастады. Бұл туралы аудан әкімі Амантай Балғарин бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте баяндады. 810af80c-405c-411f-a55d-4137cd8c254b
Аудан басшысының айтуынша, биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі гектарына 14,5 центнерге жеткен, оның ішінде, бидай – 14,9 ц/га, майлы дақылдар – 7 ц/га. Осылайша Сарыкөл ауданы биыл Қостанай облысы бойынша ең жоғары астық шығымдылығын көрсетіп отыр.
"Біздің ауданның дәнді дақылдарының бұл шығымдылық деңгейі осы жылы Қостанай облысында ең жоғарғы көрсеткіш болып саналды. Оған жер учаскелерін тиімді пайдаланатын, жаңа технологияларды енгізетін, сұрыптарды үнемі жаңартып отыратын, минералды тыңайтқыштар сіңіретін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы базасын жыл сайын жаңартып отыратын аудан диқандарының тынымсыз жұмысының арқасында қол жетіп отыр, – деп атап өтті аудан басшысы.
Жалпы, ауданның ауыл шаруашылығын дамыту үшін осы жылдың 10 айында мемлекеттен 2,2 млрд теңге субсидия, оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамытуға 1,5 млрд теңге, жаңа техника сатып алуға 681 млн теңге берілген.
Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында атқарылған істерге тоқталып, ауданның биылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы айтып берді. 
-Өздеріңіз жақсы білетіндей, осы жыл еліміз үшін өте ауыр, күрделі кезең болды. Яғни, әлемді шарпыған коронавирус індеті бізді де айналып өтпеді. Пандемия, төтенше жағдай мен карантин кезіндегі шектеулер халқымыз үшін оңайға соқпады. Өңір экономикасы үшінде өз кесірін тигізді. Бірақ, соған қарамастан, ауданның әлеуметтік-саяси ахуалын қалыпты күйде сақтау үшін қолдан келгенді жасайтын боламыз. Әлі де жұмыстар жалғасын таба береді, – деді әкім.
Жалпы, 2020 жылдың 10 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму талдамасы, негізгі бағыттар бойынша оң көрсеткіш сақталып, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бөлігінде мол нәтиже байқатты. Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓