Қостанай облысы әкімінің үндеуі

Құрметті қостанайлықтар!
Бүгін жедел штаб отырысы өтті. Денсаулық сақтау саласының мамандарын тыңдай келе, 17 сәуір күні сағат 00.00-ден бастап  1-ші мамыр сағат 07.00-ге дейін  облыс аумағында карантин енгізу туралы шешім қабылданды.
Бұл, халықты коронавирустық инфекциядан қорғау үшін мәжбүрлі шара екенін атап өткім келеді. Мұндай тәжірибе, Қазақстанның басқа облыстарында қолданылуда. Ең алдымен, карантин режимі бізге барлық байланыстарға шектеу қоюға және қауіпті вирустың таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қазір дәрігерлер, полиция қызметкерлері және тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Мен барлықтарыңызды олардың еңбектеріне құрметпен қарауға шақырамын. Біз Сіздермен бірге қолымыздан келгенше оларға көмек көрсете аламыз. 
Облыстың барлық тұрғындарын карантин жағдайына барынша байыпты қарауды сұраймын. Үйде болып, барлық медициналық ұсыныстарды сақтау қажет.

Қымбатты қостанайлықтар!
Өздеріңізді және жандарыңызға жақын жандарды қорғаңыздар! Әрбір отбасыға амандық, барлық қостанайлықтарға мықты денсаулық және сенімділік тілеймін. Біз қаншама рет қиындықтарды бастан өткердік, бірақ әрдайым тек алға жүрдік. Біз барлығын жеңеміз және осы жолы да жеңіске сөзсіз жетеміз. Біз біргеміз!

Архимед Мұхамбетов, Қостанай облысының әкімі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓