Бейімбет ескерткіші жөнделуде (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Көрнекті жазушы Бейімбет Майлиннің Қостанай қаласындағы ескерткіші жөнделіп жатыр. Теміржол вокзалы алдында жолаушыларды "шығарып салып, қарсы алатын" Би-аға мүсінінің сапасы сын көтерместей күйде тұрған-ды. Оны бірер күн бұрын жергілікті азаматтар ескерткіштің құлауға шақ тұрғанын айтып, әлеуметтік желілерде бейнежазба таратқан болатын. Бүгін сол орынға арнайы барған фототілшіміз жөндеу жұмыстары басталып кеткенін хабарлап, суреттер жолдады. Естеріңізде болса, бұған дейін тұғырда даңқты қаламгердің көнере бастаған бюсті ғана тұрушы еді, ендігі мүсіні әлдеқайда ірі, көзге көрімді әрі келбеттірек.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев