Дәрігерлер қаржылық көмек алады
Коронавируспен күресетін және жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін дәрігерлер қосымша қаржылық мүмкіндікке қол жеткізбек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық салада жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсетуді тапсырды.
"Санитарлық-эпидемиологиялық салада жоғары жүктеме жағдайында жұмыс істейтін дәрігерлер қаржылық қолдаудың жаңа пакетіне лайықты. Үкімет есеп жүргізеді", – деді Президент. Сонымен, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі: «Қауіптілігі аса жоғары» — реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi (ЖТМ), 850 мың теңге). «Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды. «Қауіптілігі орташа» – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстеме ақы 5 ЖТМ (212,5 мың теңге) құрайды.