Саябақтар сән түзейді

Қостанайдағы Притобол саябағын жөндеуге және абаттандыруға миллиардтан астам теңге жұмсалды. 40 гектар аумақты алатын демалыс саябағында жаңа орындықтар, жүгіру жолдары, спорт және ойын алаңдары пайда болады. Сондай-ақ, таяуда Әуежай ауданы тұрғындары үшін де жаңа саябақ ашылмақ.IMG_1952
Қостанайдағы Притобол паркі көз алдымызда өзгеруде. Биыл мұнда ауқымды жөндеу жұмыстары басталды, оған мемлекеттік қазынадан 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады. Бұл қаражатқа саябақ аумағы тазартылды, тастөсемдер ауыстырылды, триатлон паркінде жүгіру жолдары дайындалуда. Олардың ауданы 14 000 шаршы метр, төселген тротуарлар — 51 000 шаршы метр, тағы 45 000 шаршы метр көгал бар.IMG_1918
IMG_1915IMG_1938"Бүгінгі таңда онда кеспе тастар, қабырға және қоршау орнату жұмыстары жүріп жатыр. Жақында орындықтар мен тренажерлер түріндегі шағын сәулет нысандары орнатыла бастайды. Ауданы – шамамен 40 га. Бұл бөлікте төсемдер, абаттандыру, тартан жамылғысы бар жүгіру жолдары болады. Жұмыстар биыл аяқталады", – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің сектор меңгерушісі Нұралы Есіргепов.2020-09-16_12-18-51
Бүкіл саябақ шартты түрде үш аймаққа бөлінеді. Белсенді демалыс аймағында скейт-парк және воркаут-спорттың күш түрлерімен айналысуға арналған алаң пайда болады. Сондай-ақ, балалар аймағы мен тыныш аймақ салынады. Жаңартылған саябақ қараша айында қолданықа беріледі. Осы айда Қостанайда тағы бір демалыс аймағы ашылады. Нақтысында, "Әуежай" шағын ауданында пайда болмақ. Мұнда ол жергілікті көлдің айналасында орналасады. Абаттандыруды жүргізуге жарты миллиардтан астам теңге бөлінді. Шенеуніктердің айтуынша, жұмыстың көп бөлігі аяқталған.IMG_2202
"Бүгінгі таңда жер тегістеу жұмыстары аяқталды, қазір кіреберіс жақтары жасалып, тротуарлар орнатыла бастады. Көлдің өзі габиондармен қапталатынын айта кету керек. Габион дегеніміз  – тастармен, кейде бетонмен толтырылатын тор, ол топырақтың омырылып құлап кетпеуін қамтамасыз етеді және эстетикалық әдемі көрінеді. Мұндай бұрын-соңды тәжірибеде болмаған, алғаш рет қолданылғалы отыр", – дейді Нұралы Есіргепов.IMG_1914
Сонымен қатар, мамандар көлдің түбін де шамалап тегістеді. Шенеуніктердің айтуынша, су қоймасының айналасында жүгіру жолдары мен жаяу жүргіншілер аймақтары, бақылау палубасы және тіпті көл арқылы өтетін шағын көпір орналасуы тиіс.
.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓