Жекешелендірудің екінші толқыны

«Жекешелендірудің екінші толқыны» шеңберінде биыл Қостанай облысының аумағында 2 спорт клубы және БАҚ саласында 9 субъект сатылады. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова айтты.IMG_5623  М
Аталған ведомства басшысының айтуынша, былтыр 15 объектіні сату жоспарланды. Іс жүзінде соның жетеуі жекешелендірілді. Ал биыл «Тобыл» футбол клубы» ЖШС, «Тобыл» баскетбол клубы ЖШС және «Қостанай таңы» газетінің редакциясы» ЖШС, «Сарыкөл» газетінің редакциясы» ЖШС, «Әулиекөл» газеті» ЖШС, «Біздің Торғай» газеті» ЖШС, «Аманкелді арайы» газетінің редакциясы» ЖШС, «Қарасу өңірі» газетінің редакциясы» ЖШС, «Науырзым тынысы» аудандық газетінің редакциясы» ЖШС, «Рудный дауысы» Рудный қалалық телерадиохабар редакциясы» ЖШС, «Рудненский рабочий» қалалық газетінің редакциясы» ЖШС жекешелендіруге  өтпек. Алдағы жылы білім, денсаулық сақтау, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының 15 объектісін сату жоспарланып отыр. 
-Мүлікті жекешелендіру әлемдік тәжірибеде оң нәтижесін беруде. Әсіресе, Еуропа елдері мен АҚШ-та қолданыста бар рәсім. Біздің елімізде «Жекешелендірудің алғашқы кезеңі» 2001 жылы басталды. Оның мақсаты-ҚР заңнамасына сәйкес рәсімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға рәсімделген мүлікке мемлекеттің құқықтарын тану. Яғни, бар мүлікті жария етуге, заңды айналымға шығаруға мүмкіндік береді,-деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Сәуле Аймұхамбетова. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓