Шетелден келген қонақ
Симон де Луф әлемді шарлау мақсатын іске асыру үшін Бельгиядан Орскге 1000 шақырым кесіп өтті. Брюссель қаласынан алыс емес шағын ауылда, француз отбасында дүниеге келген. Ағылшын тілінде де жақсы сөйлейді екен. Өзінің екі дөңгелекті көлігімен әлемді шарлау, оңайға соқпағаны белгілі. Жол жүре отырып, өзінің бастан өткен қиын да, ауыр кезеңдерін еске де алғысы келмейді.
Осы айтып отырған Симон біздің Глазунов ауылына да келіп кетті. Өзінің шағын жол күркесін құрып, ауыл ортасына орналасты. Бұны көрген ауыл балалары, қызығушылық танытты.
Жылдың төрт мезгілінің ыстық-суығына үйреніп алған Симонға біздегі күз түк етпеді. Қонақ-жайлық көрсеткен 9-сынып оқушысы Майлыбай Қуаныш қонақты үйіне ертіп, қарсы алды. Әжесі Балкен апа да шетелден келген қонақты шын көңілімен күтіп, ақ дастархан жайып күтті.
Әлемді шарлауды мақсат еткен ол көрген-білгендерін оқушыларға жеткізгісі келіп, мектепке де келді. Мектеп басшысы Қ.Рағат, оқу ісінің меңгерушісі, ағылшын пәнінің мұғалімі А.Мұқанова оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Симонмен сөйлесу біздің балаларға қиын болмады. Ол біздің елде велосипедшілерге арналған жол жоқ екенін күрсіне айтады. Жол үстінде қиын да, жан түршігерлік жағдайлар, қайғылы оқиғалар болатынын ескертіп жатыр.
"Жолды жүрген білер, көпті көрген білер" дегендей, велосипедпен таза ауада жүру адам ағзасына пайдалы. Машиналар сияқты маймен жүрмейді, спорттың бір түрі екенін де айта кетті.
Оқушыларға тәлім-тәрбие, білім берген ұстаздар да Симонды, зор ықыласпен құрметтеп, дастархан жайып, қонақ етті. Бізге дейін 14 мемлекетті аралап келіп, қазақ жеріне жеткен. Қазақстандықтарға ілтипатын, ризашылығын қалай білдірерін білмей, көзіне жас алды. Тіпті қонақ еткен Қуанышпен қимастықпен қоштасты. Қазақ елінен символ ретінде апаларымыз Симонға шапан жауып, басына қазақы тақия кигізді. Қазақ елінің керемет бай, ең бастысы қонақжай және ешбір елмен теңдесе алмайтынын қайта-қайта айта берді. Тағы айтып кететін жағдай, осыған дейін де Симон Орск газетінде "Ең үздік велосипедші" ретінде жарияланған болатын. Біз Симонға сәттілік тілеп, еліне, ата-анасына қуанышпен оралуына тілектестік білдіріп, қол бұлғап шығарып салдық.
Орынкүл Пішенбай,
Глазунов орта мектебінің оқушысы.