Алаяқтық азаяр емес
Облыс полицейлері алаяқтық фактілерінің жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдіреді.
Жалған ақшамен байланысты алаяқтық Лисаков және Қостанай қалаларында тіркелген болатын. Тобыл стансасында осындай тағы бір оқиға болды. Алаяқ тауар үшін жәді-герлік екі мың теңгелікпен есеп айырысқан.
Ал Қамысты ауданында жергілікті базарда тауарға жалған екі мыңдық төлеген 43 жастағы ер адам ұсталды. Алаяқтан тағы бір жалған екі мыңдық тәркіленді.
Алаяқтардың айла-шарғылары жетерлік. 20 қыркүйек күні Қостанай қаласы ІІБ кезекші бөліміне 25 жастағы әйел келіп, бір танысының кредит аламын деп өзін алдап, 150 мың теңгесін иемденіп кеткенін айтты. Іздестіру шараларының барысында күдікті әйел ұсталды.
Қостанай қаласында жөндеу жұмыстарын жасаймын деп 150 мың теңгені қалтаға басып, табанын жалтыратқан алаяқ ұсталды.
























