Болашақ бүгіннен басталады

Рудный индустриялық институтында осындай атаумен бірінші курс студенттерін «Студенттікке арнау» фестивалі өтті. Халықаралық студенттер күніне орай ұйымдастырылған шараның басты мақсаты жеке тұлғаның шығармашылық, рухани, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, талантты, дарынды жастарды анықтау және оларды институттың қоғамдық өміріне белсене араластыру болды.IMG_3281Іс-шараның басында оқу орнының ректоры профессор Әбдірахман Найзабеков барлық студенттерді өміріндегі ең маңызды оқиғаларымен құттықтап, институттың қоғамдық өмірі мен оқуда көзге түскен бір топ белсенділерді алғыс хаттармен және грамоталармен марапаттады.IMG_2941
Фестивальге институттың әр факультетінің бірінші курс студенттерінен құралған командалар қатысты. Өнер көрсету түрі: таныстыру, музыкалық нөмір және үй тапсырмасы. Әр команда қазылар алқасына өз таланттарын түрлі жанрларда және ерекше формаларда ұсынуға мүмкінді алды. Олардың бірі көрерменді жарасымды әзілімен баурап алса, екіншісі құлаққа жағымды әндерімен және ерекше билерімен таң қалдырды. Фестиваль дәстүрлі түрде бірінші курс студенттерінің ант қабылдауымен, студенттік әнұранның орындалуымен және студенттік билеттің тапсырылуымен, сондай-ақ Рудный индустриялық институтының кәсіподақ ұйымының атынан барлық командаларға сыйлықтар мен грамоталар табыстаумен аяқталды.IMG_3706
Фестиваль нәтижесі бойынша 3-орынды Тау-кен металлургия факультеті, 2-орынды Экономика және құрылыс, ал 1-орын мен «Жеңімпаз кубогын» Энергетика және ақпараттық жүйелер факультетінің құрамалары.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓