Көлік жарылып кетті

Оқыс жағдай Береке ықшамауданында таң алдында болған. Hyundai Elantraның дымы қалмай жанып кетті. Оның қасында тұрған басқа көліктерге де нұқсан келді.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыс бүгін сағат 03:44-те аталған ықшамаудандағы 52 және 53 үйлердің арасындағы автотұрақта болған.
"Өрт сөндірушілер оқиға орнына он минуттан кейін келіп жетті. Hyundai Elantra көлігін тұтастай шарпыған өрт оның қасында тұрған ГАЗ-21 машинасына да ауыз салған. Opel Corsa және Mitsubishi Montero маркалы тағы екі көлікке жартылай нұқсан келді. Осылайша өрт аумағы 11 шаршы метрге жетті. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды дереу ауыздықтады", — дейді баспасөз қызметіндегілер.Қызыл жалынмен күреске жеке құрамнан он адам және үш арнайы техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептерін зертхана анықтап жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓