Жалған хабар жарға жықты

ложныйЖыл басталғалы Қостанайда жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар 9 қаңтар күні тіркелді.
Сол күні түнгі екі жарым шамасында «102» нөміріне  ұялы телефоннан Кирпичная көшесіндегі үйде жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жасырын хабарлама келіп түскен. Оқиға болған жерге тәртіп сақшылары, кинология қызметі, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер де дереу келіп жеткен. Аталған ақпарат расталмады. Біршама уақыт өткен соң полиция өкілдері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 22 жастағы жұмыссыз, қала тұрғыны болып шықты.
Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу кезінде ҚР ҚК 273 бабы бойынша іс қозғалды. Жалған ақпарат таратқан жігіт 8 қаңтар күні кешке Кирпичная көшесіндегі танысының үйінде қонақта болған. Түн ауа отырыстан мас шыққан ол полицияға жалған хабарлама жіберген. Қазір күдікті ұсталды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы іс-әрекет бойынша басқарма бастығы Ербол Дербисов өткен жылы осындай 6 факті тіркелгенін, барлығына сот үкім шығарып, кінәлілер жазасын алғанын айтады. Сондай-ақ, ол ҚР Қылмыстық Кодекстің 273 бабы бойынша санкция алынып тасталып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылғанын жеткізді. Жалған ақпарат таратқан кез келген адам кінәсі дәлелденсе, ірі көлемде айыппұл арқалап, арнайы қызмет құрылымдары кетірген шығындарды түгел өтейтінін еске салады.
Мұндай әрекет қылмыстың ауыр түріне жатады. Полицейлер қазір терроризм туралы жалған ақпарат таратқандардың мекенжайын, өзін анықтау қиын еместігін ескертеді.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓