Көше қиылыстарындағы жаңа жүйе
Облыс орталығында Таран-Абай, Хәкімжанова-Абай және Баймағамбетов-Таран көше-лерінің қиылыстарында жол қозғалысын басқарудың авто-маттандырылған жүйесі орна-тылмақ.
Жаңа үлгідегі 8 бейнекамерамен жабдықталған "интеллектуалдық қиылыстар" ІІБ жедел басқару орталығымен тікелей байланыста болады, жол ережесін бұзу фактілері тіркелген жағдайда мәліметтерді полицейлерге беріп отырады. Осылайша тәулік бойына жолда жүру ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, іздеудегі автокөлікті анықтайды, жүргізушілердің жауапкер-шілігін арттыруға септігін тигізеді.
Жыл басынан бері облыс аумағында 483 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Әрбір жетінші оқиғаның себебі, жылдамдықты шамадан тыс асыру болып табылады. Жаңа жүйе осындай құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған, ол күн сайын шамамен жол ережесін бұзудың 300-400 фактісін тіркейді.