42 500 теңге студенттерге де беріледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баспасөз мәслихатында студенттердің де 42 500 теңге жәрдемақы ала алатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жазады.
"Студенттер – еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматтары. Бізде Еңбек кодексі бойынша 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Олардың шәкіртақы алатын-алмайтынына қарамаймыз. Олар жұмыс істей алады, өйтулеріне ешкім тыйым салмайды. Көптеген студент солай істеп те жүр, ресми түрде жұмыс істеп, бейресми табыс тауып жүргендер, мейрамханаларда даяшы, сауда орындарында сатушы, пицца жекізуші болып, кез келген жерде нәпақа теріп жүргендер жетерлік", – деді министр брифингте.
Ол студенттерге төлем тағайындау ережелері мен шарттары басқа қазақстандықтарға ұсынылған тәртіпте болатынын айтты.
"Сондықтан, студенттер, сіздер үшін де, барша қазақстандықтардікіндей ортақ тәртіп бар. Яғни сіздер өздеріңіз үшін бүгін шешім қабылдайсыздар. Егер сіздер осы Төтенше жағдайға дейін табыс тауып келіп, қазір одан қағылып отырсаңыздар, демек жәрдемақыға моральдық құқықтарыңыз бар. Сіздер үшін әлеуметтік аударым жасалды немесе сіздер бейресми жұмыскер ретінде бірыңғай жиынтық төлем жасадыңыздар, демек, сіздердің ендігі заң жүзіндегі құқыққа да иесіздер. Сондықтан өтініш бере аласыздар", – деп түсіндірді ол.