7 ай бойы іздеуден кейін
Рудный полицейлері іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 5 миллион теңге көлеміндегі алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті Қызылорда қаласында жеті айдан кейін қолға түсті.


Тергеу барысында ер адамның Петропавл және Шымкент қалаларында бой тасалағаны анықталды. Жедел іздестіру шарасы барысында ол Қызылорда қаласында қолға түсті. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сондай-ақ, күдікті бұған дейін де ауыр қылмыс жасағаны – тонау, есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін сотталған.
Қ.ҚИЫСХАН