Күн тәртібінде – қоғамдық кеңестер қызметі

Бүгін Қостанай облысының әкімі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен филиалдың саяси кеңесі бюросының отырысы өтті.
Отырыс барысында «Nur Otan» партиясы  Қостанай облыстық филиалының конференциясын шақыру, сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша облыстық филиал төрағаларының, қоғамдық кеңестердің құрамын, ережелерін бекіту мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Бюро мүшелері 13 мамырда партияның облыстық филиалының есептік-сайлау конференциясын өткізу туралы шешім қабылдады. Іс-шараға қатысушылар күн тәртібіндегі екінші мәселеге ерекше назар аударды. Елбасы, Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әр өңір, қала және аудан үшін «Nur Otan» партиясының 217 сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жол карталары бекітіліп, оған жауапты депутаттар мен орындаушылар белгіленді. Жылдарға және нақты іс-шараларға бөлінген 80 мыңнан астам индикаторға қол жеткізу көзделіп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында партияның қоғамдық кеңестерінің жұмысы жүйелі түрде қайта құрылымданды.
Бұдан  басқа, саяси кеңес бюросының шешімімен таратылған партиялық кураторлар институтының орнына партияның сайлауалды бағдарламасының нақты бағыттарының іске асырылуын бақылайтын 14 республикалық қоғамдық кеңес құрылды.
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының айтуынша, облыстық деңгейде барлық деңгейдегі депутаттардың төрағалығымен 12 қоғамдық кеңес құрылды. Олардың құрамына партияның белсенді мүшелері, праймеризге қатысушылар, оның ішінде партиялық тізімдерге кірмегендер, 30% әйелдер мен 20% жастар кірді, олардың этностық құрам мен қызмет саласы ескерілді.
«Партия лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең алдымен, партияның сайлауалды уәделерінің орындалуына жүйелі бақылау, бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуына монинторинг жасау қамтамасыз етіледі», – деп қорытындылады отырысты Архимед  Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓