Барға қанағат…

алтынсарин апайЕлімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көп адамдар уақытша жұмысынан босатылса, енді біреулері ақысыз еңбек демалысына кетті, кейбіреулері тіпті қысқартуға ұшырады. Бұл әрине материалдық тұрғыдан да, моралдық тұрғыдан да оңайға соғып отырған жоқ. Оның үстіне төтенше жағдай жарияланғаннан бері елімізде азық-түліктің, басқа да қажетті заттардың бағасы тым шарықтап кетті. Осыны ескерген ел Президенті жұмыссыз қалған жандарға 42 500 теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы төлеу туралы шешім шығарды. Бастапқыда сенбегеніміз де рас. Бірақ, өз басым осы жәрдемақыға қолжеткізіп, үкіметтен көмек алғандардың қатарынанмын. Мен Алтынсарин ауданындағы Жанұзақ Алдиярұлы мешітінде бас имамның есеп-қисап жөніндегі көмекшісі болып істеймін. Төтенше жағдайға байланысты мен де ақысыз еңбек демалысына шықтым. Содан бас имам Ерік қажы Ыбырай әкімдікке менің уақытша жұмыстан босатылғаным туралы өтініш жіберіп, олар мақұлдап, мен небәрі бір аптаның ішінде 42500 теңгеге қолжеткіздім. Төрт балам бар, екеуі кәмелет жасына толған, екеуі мектепте оқиды. Жолдасым жұмыссыз. Сондықтан, өз басым үкіметтен көрсетілген көмекке дән ризамын. Әрине, 42 мың теңге бар жыртығымды жамап тастамаса да, едәуір көмегі тиді. Осы қаражатқа несиемді төлеп, азық-түлік сатып алдым. Барға қанағат, осыған да шүкір деймін. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман болса екен.
 
Жанна АЙТАНҚЫЗЫ
Алтынсарин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓